Көлік картасын пайдаланушылар үшін жеке кабинет қызметі іске қосылды

7 Қазан 2019, 14:37
2277
Бөлісу:
Көлік картасын пайдаланушылар үшін жеке кабинет қызметі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онда көлік картаның теңгерімін толтырып, тексеріп, сапарыңыз туралы ақпаратты алуға болады, деп хабарлады alrt.kz.

"Бүгін көлік картасын пайдаланушылар үшін жеке кабинет қызметін іске қостық. Ол үшін Transcard мобильді қосымшасын орнатуыңыз қажет. Қосымшаға тіркелген соң, көлік картаңызды қосуыңыз керек. Жеке кабинетті қосымша мен сайтта пайдалануға болады. Сапарлар бойынша детализацияны сіз сұрау берілген сәттен бастап 10 күн ішінде ала аласыз. Жақын арада жеке кабинетте жоғалған көлік картасын бұғаттау және теңгерімді/тарифті басқа картаға ауыстыру сияқты мүмкіндіктер пайда болады", - делінген таратылған ақпаратта. 
Өзгелердің жаңалығы