Исидор Борчашвили: Еш профилактикасыз жемқорлықпен тиімді күресе алмаймыз

30 Желтоқсан 2020, 11:30
1006
Бөлісу:
Исидор Борчашвили: Еш профилактикасыз жемқорлықпен тиімді күресе алмаймыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Қазіргі заманғы құқық институтының директоры, ҚР Жоғарғы соты жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі Исидор Борчашвили  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook-тегі парақшасында өткен онлайн кездесу барысында айтты.

Біз ешбір профилактикасыз, ескертусіз, болжаусыз, жай ғана қылмыстық немесе әкімшілік шаралармен сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресе алмаймыз. Оның үстіне биыл  1 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы да құқықбұзушылықтағы дәл осы профилактика шарасына баса назар аударды. Жолдауда баса айтылған тағы бір мәселе – сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық үшін жазаны қатаңдату болды. Осы ретте 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнама халықаралық нормаларға сай, БҰҰ-ның 2003 жылғы конвенциясына, Еуропа кеңесі конвенциясы және т.б. сәйкес келеді. Бұған сол 2015 жылы заң қабылданғалы бері бірнеше рет өзгерістер енгізілгені дәлел бола алады. Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық үшін жазаны қатаңдату туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында сіздердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Қылмыстық кодексіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға және басқа да құқықтық-нормативтік актілерге де өзгерістер мен толықтырулар енгізуге әкелген тұтас заң пакетін жасап шықты.  Мұны қолдау керек, - деді ол.

Айта кетейік, агенттіктің бүгінгі ортаға алған тақырыбы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі заңнамалық шаралар туралы болды.
Өзгелердің жаңалығы