Исаков Франциядан саяси баспана сұрады

18 Қазан 2020, 19:28
2245
Бөлісу:
Исаков Франциядан саяси баспана сұрады

Алматы, BAQ.KZ. Қырғызстанның бұрынғы Премьер-министрі Сапар Исаков Франциядан саяси баспана сұрады. Бұл туралы осы елде саяси босқын ретінде тұрып жатқан қырғыз журналисі Ұлықбек Бабақұлов мәлімдеді деп жазды VB.KG сайты.

Осы жолғы Бішкектегі наразылық шарасы кезінде Алмазбек Атамбаевтың басқа жақтастары сияқты Сапар Исаков та колониядан босатылған болатын. Кейін Бас прокуратура оған колонияға оралу үшін уақыт берген. Бірақ ол бұл талапты орындамаған. 

Енді Қырғызстанның бұрынғы Премьер-министріне “колониядан қашып кетті” деген айып тағылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы