Иран АҚШ нысандарына шабуыл жасады

8 Қаңтар 2020, 08:25
6968
Бөлісу:
Иран АҚШ нысандарына шабуыл жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ислам революциясының жасақ корпусы (ИРЖК) генерал Касем Сулейманидің өліміне кек қайтару ретінде АҚШ нысандарына шабуыл жасады.


Иран АҚШ-тың Ирактағы бірнеше әскери нысандарына баллистик зымырандармен соққы берді. Бұл туралы 8 қаңтарда ABC арнасы хабарлады.

Ақ үйдегі дереккөздің айтуынша, зымыран соққысынан кейін Ирактың солтүстігіндегі Эрбиль қаласының маңындағы америкалық нысан, сонымен қатар батыстағы Эйн аль-Асад әуе базасы зардап шеккен.

Бұған дейін Sky News Arabia телеарнасы Ирактың батысындағы Эйн аль-Асад әскери-әуе базасына 9 зымыран құлады, деп хабарлаған болатын.

Press TV арнасының ақпаратына сүйенсек, ИРЖС әуе базасына шабуылды генерал Касем Сулейманидің өліміне жауап ретінде жасадық, деп хабарлаған.

Ондаған зымыран атылған. Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ. 

АҚШ президентінің баспасөз хатшасы Стефани Гришэмнің айтуынша, Дональд Трамп Ирактағы базаларға жасалған шабуылдан хабардар.
Біз АҚШ-тың Ирактағы нысандарына жасалған шабуылынан хабардармыз. Президентке ақпарат жетті, ол жағдайды бақылап отыр және ұлттық қауіпсіздік бойынша өзінің командасымен ақылдасады, - деді баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды

АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады.

АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды. АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касем Сулейманидің өлімінен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.

Әлемдік БАҚ ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берді деген ақпарат таратты.

Иран жоғарғы көшбасшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN арнасына сұхбат бергенде генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алу үшін Иран америкалық әскери нысандарға шабуыл жасайтынын айтты. 

Ал, 5 қаңтарда Иран ядролық келісімнен бас тартты.

Иранның мемлекеттік телеарнасы Дональд Трамптың басы үшін 80 миллион доллар сыйақы беретіні туралы хабарлады, деп жазады EN24.


Өзгелердің жаңалығы