Иран АҚШ-қа көмектескен елге де шабуыл жасайтынын ескертті

8 Қаңтар 2020, 09:52
5772
Бөлісу:
Иран АҚШ-қа көмектескен елге де шабуыл жасайтынын ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран операциясы "Сулейманиді азаптаушы" деп аталды. Генералдың өліміне Израильдің қатысы бар деп отыр.

Иранға қарсы АҚШ-қа шабуыл жасауға өз территориясын ұсынатын кез келген ел жауапты соққының нысанасы болады. Бұл туралы Ислам революциясының жасақ корпусының (ИРЖК) 8 қаңтарда жасаған ресми хабарламасында айтылған.

IRIB телекомпаниясы жасаған ақпаратқа сүйенсек, АҚШ-тың Ирактағы әскери нысандарына жасалған шабуыл Сулейманиді азаптаушы деп аталды.

Иран революциясының жасақ корпусы АҚШ-ты әскерін шығаруға шақырды және Иранның зымыран шабуылдарына жауап қайтарылса Вашингтонға бұдан да қатты жауап қайтатынын ескертті.

Сонымен қатар, Американың жақтастары үшін де ескерту жасалды.

Американың армиясының террористік күштеріне әскери базаларды құратын АҚШ үкіметіне хабарлаймыз: Иранға қарсы пайдаланылатын кез келген территорияға шабуыл жасалады, - делінген хабарламада.

ИРЖК генералы Касем Сулейманидің өліміне қатысты Израильді АҚШ-тан бөлек қарамайтынын атап өтті.

Айта кетсек, бүгін түнде Иранның Ислам революциясының жасақ корпусы (ИРЖК) генерал Касем Сулейманидің өліміне кек қайтару ретінде АҚШ-тың Ирактағы нысандарына шабуыл жасады.

Өзгелердің жаңалығы