6 күн ішінде 4,9 млрд теңгелік ипотекалық несие мақұлданды

14 Қаңтар 2019, 10:37
3404
Бөлісу:
6 күн ішінде 4,9 млрд теңгелік ипотекалық несие мақұлданды

Астана, baq.kz. «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ осы жылдың алты жұмыс күні ішінде тұрғын үйге байланысты берілген несие көлемін жария етті.

«2019 жылдың 6 жұмыс күні ішінде банктер «7-20-25» бағдарламасы арқылы 3 млрд теңге және «Баспана Хит» бағдарламасы арқылы 1,9 млрд теңге көлемінде несиені мақұлдады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

4,9 млрд теңгенің 2,5 млрд теңгесін немесе 56%-ын Сбербанк қамтамасыз етті. Банк басқа банктерге қарағанда «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларына ең соңғы болып, 2018 жылдың желтоқсанында кірген болатын.

Айта кетсек, 2018 жылдың қорытындысы бойынша «7-20-25» бойынша несие мақұлдау көлемі жағынан Центр Кредит банкі (78%) көш бастаған (36,4 млрд теңге). Ал «Баспана Хит» бойынша 38%-бен Цесна банк несие берушілердің тізімін бастады. Бұл банк жалпы көлемі 1,4 млрд теңге несие берді.

Өзгелердің жаңалығы