Интерполдың бұрынғы басшысы 13 жылға сотталды

24 Қаңтар 2020, 07:46
1350
Бөлісу:
Интерполдың бұрынғы басшысы 13 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2016-2018 жылдары Интерполды басқарған қытай азаматы Мэн Хунвэй 2 млн доллар пара алғаны үшін 13,5 жылға сотталды, деп жазады 7kun.kz.

Ол Интерполға дейін қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары болған. Одан бұрын он жылдай Қытайдың теңіз полициясын басқарған. Хунвей Қытайда қызмет еткен кезінде пара алған деп айыпталып отыр.

Интерполдың экс-басшысы 2018 жылы Франциядан туған еліне демалысқа барған жерінде ұсталған еді. Осыдан кейін Интерпол басшылығынан кетті.

Өзгелердің жаңалығы