Қазақстандықтар интернетке қатысты мәселелерге шағымдануда

16 Ақпан 2020, 13:55
1414
Бөлісу:
Қазақстандықтар интернетке қатысты мәселелерге шағымдануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан тұрғындары кейбір сайттарға кіруге байланысты және әлеуметтік желілердің істемей жатқанын айтып шағымдануда. 

Атап айтсақ, Google іздеу жүйесінде, Youtube видеохостингінде, Instagram әлеуметтік желісінде, Telegram мессенджерінде және Twitch ағынды платформасына кіру проблемалары байқалады. 

Downdetector порталының хабарлауынша, қол жетімділік пен жұмыс проблемалары Google іздеу жүйесінде, Youtube-те, Instagram әлеуметтік желісінде, Telegram мессенджерінде, сондай-ақ Twitch ағынды платформасында кедергілер туындауда. 

Кейбір алматылықтар қардың қалың түсуіне байланысты интернеттегі проблемалар туындады деп болжап отыр.

Өзгелердің жаңалығы