Inform.kz, BAQ.KZ, e-history.kz: Интернет сайттар әмбебап ақпарат тарату құралына айналды – министр
05 Қараша 2021, 10:41 204

Inform.kz, BAQ.KZ, e-history.kz: Интернет сайттар әмбебап ақпарат тарату құралына айналды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Qazforum қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың форумында айтты.

Қазір интернет сайттар әмбебап ақпарат тарату құралына айналды. Бір сайттан жазба ақпаратты да, аудио хабарламаны да, бейне бағдарламаларды да табуға болады. Мысалы, мемлекеттік қолдауға ие болған e-history.kz, adebiportal.kz, el.kz, inform.kz, Baq.kz сияқты сайттар қазақ тіліндегі материалды заманауи форматтағы бейне жазбалар, аудиоподкасттар  оқырмандарға қолжетімді, - деп түсіндіріп өтті Аида Балаева.

Министр форумда сөйлеген сөзінде жастар арасында сұранысқа ие қосымшалардың бірі TikTok желісі екенін айтып өтті.

e-history.kz порталы «Тиктокер тарихшы» парақшасын ашып, жастарға жеңіл, әрі еліміздің тарихын түсіндіретін ақпарат береді. Қазіргі отандық контентті қараушылар саны қарқынды түрде өсіп келеді, - деп айтты ведомство басшысы Qazforum-да.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...