Нұрмахан Мұқанұлы қазақ тіліндегі контенттердің ерекшелігін айтты

5 Қараша 2021, 10:38
1401
Бөлісу:
Нұрмахан Мұқанұлы қазақ тіліндегі контенттердің ерекшелігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан QAZFORUM қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумында айтылды. 

Елімізге танымал ютуб блогері Нұрмахан Мұқанұлының айтуынша, өтімді контенттердің бірі – подкаст. Бұл форматта шектеу жоқ. 

Бастапқы кезде форматтан тыс жобаларды телеарнада жасағымыз келді. Бірақ арналарда мұндай дүниелерге шектеу болды. Ақыры жобамызды  YouTube каналда бастап кеттік. Содан бері әлеуметтік желінің күшін сезіндік. Телеарналарға альтернатива бар екенін аңғардық, – деді Нұрмахан Мұқанұлы.
Сонымен қатар ол қазақ тіліндегі ең таралып келе жатқан подкасттар туралы айтып кетті. 
Мұндай жобалардың көп болғаны қуантады. Жалпы, қазір entertainment, яғни, көрермендерді қызықтырушы контенттер кең таралуда. Бүгінгі таңда адамдар өзіне қажеттіне байланысты ақпарат алғысы келеді. Бізге оны әртүрлі форматта беретін контент жасау қажеттілігі туындады. Алғашқы кезде ойымда “мен ютубта не үшін жүрмін” деген сұрақ болды. Кейіннен аңғарсам, орыс тілді және ағылшын тіліндегі контенттерді қарап жүріппін. “Өзім не қараймын, соны жасауым керек” деген шешімге келіп іске кірістім, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы