Индонезияда толассыз жауған жауынның салдарынан 59 адам көз жұмды

26 Қаңтар 2019, 09:43
2484
Бөлісу:
Индонезияда толассыз жауған жауынның салдарынан 59 адам көз жұмды

Астана, BAQ.KZ. Индонезияның Оңтүстік Сулавеси аймағында су тасқыны мен лай көшкіні болды. Соның салдарынан 59 адам көз жұмды. Бұл туралы segodnya.ua сайты хабарлайды.

Толассыз жауған нөсер салдарынан өзен тасып, дамбы жарылған. Сондай-ақ, 24 адам із-түссіз жоғалса, 3000-нан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған және 9 көпір қирап қалған.

Сонымен қатар, жақында Субакуми қаласында ақ жауын салдарынан су тасқыны болып, 15 адам қаза тапқан.

Өзгелердің жаңалығы