Бас жаңалықтар
Қазақстандағы Индонезия елшілігі Тәуелсіздік күнін атап өтті
21 Қыркүйек 2019, 13:15 493

Қазақстандағы Индонезия елшілігі Тәуелсіздік күнін атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Индонезия Республикасы Тәуелсіздігінің 74 жылдық мерейтойы және Индонезия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыстың 26 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Салтанатты шара екі елдің әнұранын орындаумен басталды. 

WhatsApp Image 2019-09-21 at 13.06.42.jpeg

Гимн шырқалып болған соң, Қазақстандағы Индонезия Елшісі Рахмат Прамоно мырза шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, ел тарихы жайында баяндады.

"Құрметті қонақтар, Индонезия Республикасының 74 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты кештің қонағы болғандарыңыз үшін алғыс білдіремін", - деді елші.

Елші мырза атаулы күннің маңыздылығы туралы айтты.

"1945 жылы 17 тамызда Индонезия өзінің тәуелсіздігін жариялап, азат елдің қатарына қосылды. Жыл сайын бүкіл әлемдегі индонезиялықтар азат елдің қатарына қосылу үшін жандарын құрбан еткен батырлардың ерліктерін құрмет тұтып, тәуелсіздік күнін тойлайды", - деп атап өтті ол.

Елшінің айтуынша, екі ел арасындағы қарым-қатынас дамып келе жатыр.

"Индонезия Қазақстанмен тығыз байланыс орнатты және ол одан әрі нығайып келеді. Өткен жылы да екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстарының мерейтойын атап өткен болатынбыз. Екіжақты сауда саласына келетін болсақ, 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 60,29 млн доллар болса, биыл қаңтар-шілде айларында көрсеткіш 229,84 млн долларды құрады", - деді дипломат.

WhatsApp Image 2019-09-21 at 13.06.44 (2).jpeg

Қазақстан тарапынан сөз алған Ұлттық Экономика вице-министрі Жасұлан Мәдиев кеш қонақтарын мерекемен күнімен құттықтап, екі ел арасындағы байланыстың дамып келе жатқанын алға тартты.

"Индонезия Оңтүстік-Шығыс Азияның ең үлкен орталығы және әлемдік экономиканың маңызды қатысушы. Қазақстан мен Индонезияның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар өсіп келеді. Тауар айналымы да жыл сайын артып келеді", - деді вице-министр.

Елшілік мерекені тойлау үшін арнайы Индонезиядан әртістерді шақырды. Олар Индонезияның ұлттық аспаптарында белгілі орындаушылардың музыкасын ойнап, кеш қонақтарына ұлттық билерін ұсынды.

Салтанатты шара соңында тәтті торт кесілді.

WhatsApp Image 2019-09-21 at 13.06.44.jpeg

Сондай-ақ, екі елдің достығының символы ретінде бүгін "Хан Шатыр" ОСО-да Индонезия Республикасының Мәдени орталығының ұйымдастыруымен "Ерекше Индонезия" атты қойылым өтіп жатыр. Концертте индонезиялық әртістерден басқа,  Қазақстан мен Индонезия студенттерінің бірлескен қойылымдары да ұсынылады.

WhatsApp Image 2019-09-21 at 13.06.45.jpeg


Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық