Індетке шалдыққандардың тәуліктік өсімі екі есеге төмендеді – Цой

11 Тамыз 2020, 09:34
1802
Бөлісу:
Індетке шалдыққандардың тәуліктік өсімі екі есеге төмендеді – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін Үкімет отырысы барысында айтты.

Қазақстанда бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас саны - 100 164. Оның 25 171-і тиісті ем-дом шараларын қабылдауда. Жазылып шыққандар – 73 702 (73,6%), қаза болғандар – 1291. Инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші шектеу шаралары енгізілмеген кезде 1,72%-ды құраған еді, шектеу шаралары енгізілгеннен кейін тұрақтылық тенденциясы байқалады, көрсеткіш екі есеге төмендеген - 0,82%. Бүгінде Қазақстан ПТР диагностикамен қамту бойынша әлемде 37-орында тұр. Бұл елдегі сырқаттанушылықтың көрсеткішін өзгертті, тіркелген жағдайлар саны артты. Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан коронавирус жағдайлары бойынша 43-орында. Уақытылы диагностикалаудың нәтижесінде Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші бойынша әлемде 70-ші орында тұр, - деді ол. 
Министрдің айтуынша, Қазақстан алғашқылардың бірі болып, коронавирус жағдайларын зертханалық зерттеусіз, клинико-эпидемиологиялық мәліметтер негізінде тіркеу жүйесін енгізді. 
Ең алдымен, бұл эпидемия масштабын айқындау үшін қажет болды. Біз денсаулық сақтау жүйесі қандай кедергіге тап болғанын түсіндік. Статистиканың жаңа әдісін енгізу – төсек-орын қоры есебінен пациенттерді барынша молынан стационарлық еммен қамтуға мүмкіндік берді. Бұл жүздеген адамның өміріне араға түсуге көмектесті. Себебі, науқастарға қажетті өкпені жасанды желдету жүйесі тек стационарлық деңгейде ғана қолжетімді. Карантиннің 5 аптасында төсек-орын жүктемесі 61%-ға, оның ішінде реанимациялық жүктеме 69%-ға төмендегені байқалды. Елдегі емханаар үйден емдеу әдісіне көшті. Мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артты. Бүгінде олардың саны 3640-қа жетті. Онлайн консультациялар (5 маусыммен салыстырғанда) 4 есеге артты. Емхана, жедел жәрдем станциялары деңгейінде 404 консультациялық байланыс орталығы құрылған. Онлайн консультацияға жоғары оқу орындарының резиденттері мен оқытушылары, сонымен қатар, зейнет жасындағы мамандар тартылған. Жалпы алғанда ел бойынша сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі екі есеге төмендеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы