Иммунитетті қалай көтеру керек – дәрігер кеңесі

28 Қыркүйек 2020, 12:32
4743
Бөлісу:
Иммунитетті қалай көтеру керек – дәрігер кеңесі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы №18 емханасының бас дәрігері Майя Большанова онлайн брифинг барысында пандемия кезіндегі емхана жұмысының алгоритмдері туралы баяндап, адамдарға өз денсаулығын нығайтуға қатысты кеңестер берді. 

Оның айтуынша, Алматы емханаларына 2 миллионнан астам адам тіркелген. Ал 2006 жылдан бері жұмыс істеп жатқан №18 емхана 60 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді екен. Емханада консультациялық диагностика, күндізгі стационар, эндокринолог, хирургия және тағы басқа қызметтер көрсетіледі. 

Пандемия кезінде біз фильтр бөлімін құрдық. Температурасы немесе коронавирус белгілері бар науқастарды сол жерде қабылдадық. Әр филиалдың алдында санитарлық пост құрылды, ол адамдардың дене қызуын өлшеп, науқастарға сұрақ қояды. Егер адамдарда коронавирустың қандай да бір белгісі білінсе, онда бірден фильтр бөліміне жібереді. Коронавирустың ауыр, орташа және белгісіз түрі бар. Егер науқаста жеңіл түрі болса, оған емін беріп, кейін учаскелік дәрігеріне немесе мобильді топтың қарауына береді, яғни науқас мониторингке алынады. Ал науқаста орташа түрі болса, онда міндетті түрде 103 қызметін шақырып, профильді стационарға апарамыз, - дейді дәрігер. 

Сонымен қатар, ол адамдар өз иммунитетін көтеру керектігін айтты. Өйткені адам денсаулығы оның көңіл-күйіне де байланысты екен. 

Егер ұйқыңыз келіп, жиі-жиі ауырып жүрсеңіз, сіздің иммунитетіңіз түскен. Иммунитетті көтеру үшін адамның ұйқысы жақсы болу керек, яғни адам күніне жоқ дегенде 8 сағат ұйықтағаны жөн. Егер адам 6 сағаттан аз ұйықтаса, қан құрамындағы вируспен күресетін лейкоциттер азаяды. Қазір адамдардың көбі түнге дейін интернетте, youtube-те көп отырып, ақпарат алады. Оның барлығы адам ағзасына теріс әсер етіп, күйзеліске түсіреді, - дейді Майя Большанова. 

Оның сөзінше, дене шынықтырумен айналысу үшін фитнес-орталықтарға барудың қажеті жоқ, күнделікті жаяу жүрсеңіз де пайдалы.




Өзгелердің жаңалығы