Илья Ильин ауруханаға түсті

7 Шілде 2020, 20:40
1706
Бөлісу:
Илья Ильин ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин өзінің Инстаграмдағы парақшасында бірнеше күн бұрын Қызылордада ауруханаға түскені туралы хабарлады.

Спортшы желі қолданушылары үшін бейнехабарлама жариялады және палатадағы жаттығу жұмыстарын көрсетті. Ол ауруханаға жатуының себебі коронавирус емес, аллергиялық реакция екенін түсіндірді.

Қанша қаламасам да, ауруханаға түстім. Қазір бәрі ойдағыдай. Бізді қабылдағаны үшін дәрігерлерімізге рахмет! Көп рақмет. Қазір сіздерге өте қиын, біз жақсы түсінеміз! Қазір сіздерге үлкен үміт артып отырмыз, бүкіл Қазақстан халқының үміті бар! Достар, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыздар, - деді Илья видеода.

Өзгелердің жаңалығы