Илья Ильин әлем чемпионатында қытайлық атлеттен 47 келі төмен көтерді

24 Қыркүйек 2019, 19:06
2275
Бөлісу:
Илья Ильин әлем чемпионатында қытайлық атлеттен 47 келі төмен көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыр атлетикадан Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 96 келіде өнер көрсеткен қазақстандық Илья Ильин 13-орын алды.

Илья екі сайыстың қорытындысы бойынша 363 келі көтерді (168+195). Жұлқа көтеруде сегізінші орын, серпеде 20-орынды қанағат тұтты. Ол екі жаттығудағы алты мүмкіндігінің тек үшеуін ғана көтере алды. 

Бұл салмақта алтын медальді қытайлық Тао Тян жеңіп алды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойыншы былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 410 келіні (180+230) көтерді. Сөйтіп, Ильядан 47 келіге озып кетті. 

Ал екінші орынға катарлық Ибрахим Эльбах ие болды (178+224=402). Үздік үштікте Грузия атынан өнер көрсеткен Антон Плесной бар (181+213=394).

Өзгелердің жаңалығы