Дәм, иіс сезбеуді коронавирус деу қиын – дәрігер

6 Шілде 2020, 12:30
41539
Бөлісу:
Дәм, иіс сезбеуді коронавирус деу қиын – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Адамда дәм, иіс сезбеу белгілері байқалса, мұны коронавирус инфекциясы деу қиын.  Бұл туралы "Астана медицина университеті" КЕАҚ кафедрасының доценті Баян Тұрдалина ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирус бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Адамда дәм, иіс сезбеу белгілері байқалса, мұны коронавирус инфекциясы деу қиын. Себебі, бұл вирустық инфекция болғандықтан, ағзаның спецификалық әсері басталады, яғни температураның жоғарылауы. Коронавирус инфекциясы кезінде бір байқағанымыз – температура аса жоғары көтерілмейді (38 С-қа дейін), күрт әлсіздік болады және коронавируспен ауырған науқастардың 50%-да ғана дәм, иіс сезбей қалу белгілері байқалады.  Сондықтан, адам дәм, иіс сезбей қалса, мұны коронавирус инфекциясы деу қиын, қосымша симптомдары болуы қажет, - деді ол.

Дәрігер балалар мен ересектердің ыстығы қаншалықты көтерілген кезде дәрі қабылдау керегіне тоқталды.

"Парацетамол" – стероидты емес, қабынуға қарсы препарат. Оны ересектерте температура 38,5С-тан жоғары болған кезде, балаларда 38С-тан жоғары болған кезде қолдану ұсынылады. Бұл жерде балаларға қатысты ескерту бар, егер балада тырысу дерті болса немесе бала өзге де неврологиялық аурулармен есепте тұрған болса, температурасы 37,5С-тан жоғары болған кезде «Парацетамол» препаратын тағайындаймыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы