Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен мемориалында үздік үштікке енді

Спортшы төрешілерден 69,45 ұпай алды.

 Ұлттық олимпиада комитеті 8 Қазан 2026, 22:53
8 Қазан 2026, 22:53
299
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға жайғасты.

Спортшы төрешілерден 69,45 ұпай алды. Аралық есепте бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Александра Игнатова 77,39 ұпаймен көш бастады. Оңтүстік Корея өкілі Юджае Ким 75,99 ұпаймен екінші орында.

Қысқа бағдарламада Қазақстан атынан Нұрия Сүлеймен (44,88 ұпай), Алика Халимова (44,68), Амира Ирматова (42,03), Зере Сарбалдина (41,92) және Амина Алексеева (32,68) өнер көрсетті. Олар сәйкесінше 13, 14, 16, 17 және 19-орындарды иеленді.

Мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарламаны 9 қазанда орындайды.

Наверх