ІІМ мұражайына қандай қарулар қойылады?

3 Мамыр 2022, 11:26
1095
Бөлісу:
ІІМ мұражайына қандай қарулар қойылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Қағидаларға сәйкес антикварлық және тарихи құндылығы бар қару криминалистикалық бөлімшелердің заттай коллекцияларына немесе Ішкі істер министрлігінің мұражайларына берілуі мүмкін.Мәселен, өткен жұмада Нұр-Сұлтан қаласында 1886 жылы францияда шығарылған ойық ұңғылы калибрі 8 мм «MANUFACTURE DARMES» маркалы винтовкасы (Винтовка Лебеля) тапсырлған, бұрыннан атасынан мұраға қалған екен. Бұл қару – дүние жүзінде ойық ұңғылы қарудың түтінсіз оқ-дәрімен жарақталған патронмен атылатын француз винтовкасы. Сондай-ақ 1989 жылы дүние жүзінде ең алғашқы үшкірленген және арт жағы кесілген пішіндегі оқпен атылатын винтовка ретінде танымал болған. 1930-шы жылдың екінші жартсына дейін француз жаяу әскерінің штаттық қаруы болған, - деді ол. 

Ыдырысов атағандай, 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысында ерікті түрде тапсырылған ҰОС кезінен қалған калибрі 12,7мм «Никонов-Семенов-Владимировский-Танковый» маркалы танк пулеметі. 

2013 жылы Семей қаласында 1882 жылы Итальяда шығарылған 32 калибрлі «Веттерли-Витали» винтовка және «Лефоше» жүйесінің револьвері тапсырылды.Сондай-ақ агенттік жұмыстарға арналған 1936 жылы шығарылған калибрі 6,5 мм «Тоз» ойық ұңғылы тапаншасын тапсырған.Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары «Пистолет-Пулемет Шпагина» тапсырылған.Павлодар облысында 1891 жылы шығарылған «Фролов» конструкциясының тегіс ұңғылы атыс қаруының кесіндісі өз еркімен тапсырылды.Комисссия шешімдеріне сәйкес бұл қару даналары экспонат ретінде Полиция департаменттерінің мұражайларына берілді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы