ІІМ іздеуде болған 150 қылмыскерді ұстады

6 Қыркүйек 2021, 11:18
6170
Бөлісу:
ІІМ іздеуде болған 150 қылмыскерді ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифинг барысында айтты.

7 күнге созылған «Құқықтық тәртіп» алдын алу іс-шарасы аяқталды. Ол қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Шара аясында полиция қызметкерлері ізін суытпай 2 330 қылмыс пен осыған дейін жасалған 584 қылмысты анықтады. Іздеуде болған 150 қылмыскер ұсталды, - деді ол.

Ораз айтқандай, тыйым салынған заттарды заңсыз айналдыру бойынша жеке жедел іздестіру шаралары жүзеге асырылды.

Оған есірткі заттары мен заңсыз қаруларды сақтау жатады. Оның қорытындысы бойынша газ, өткір, травматикалық 109 қару табылды. 210 дерек есірткі сақтау бойынша тіркелді. 89 мың әкімшілік-құқықбұзушылық анықталып, 9 мың дерек тәртіпсіздік бойынша, 13,5 мың дерек мас күйінде қоғамдық орындарға шығу бойынша анықталды, - деді ол.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апаттың алдын алу шаралары жүзеге асырылды.

Операция аясында мас күйінде 796 адам көлік жүргізген, 7,5 мың дерек жылдамдықты арттыру фактісі анықталды, - деді ресми өкіл.


Өзгелердің жаңалығы