Қарағанды академиясы 50 жылдық мерейтойын атап өтті

22 Қыркүйек 2019, 10:23
6041
Бөлісу:
Қарағанды академиясы 50 жылдық мерейтойын атап өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыға Бәрімбек Бейсенов атындағы ІІМ академиясының 50 жылдық мерейтойына ЖОО біренеше жылғы түлектері және құрметті қонақтар жиналды. Оқу ордасына 50-ден астам генерал келді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Академияға 50 жыл толып отыр. Бұл Қазақстан ІІМ жүйесінің алғашқы мамандандырылған жоғары оқу орнының жылнамасы ғана емес, сонымен қатар біздің қаламыздың тарихы. Қарағандылықтарға осы аты аңызға айналған жоғары оқу орнының дәл осы жерде екенін түсіну өте маңызды. Мен сіздердің барлық түлектеріңіз қазір қайда қызмет етіп, қайда тұратынына қарамастан, өздерін қарағандылықтар деп санайтынын білемін. Академияның қабырғасынан 20 мыңнан астам офицер шықты", - деп Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мерейтой иелерін құттықтады.

04403010015690524032109201923_800x600.jpg

ҚР ІІМ Министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қарағанды академиясы элиталық кадрлардың ұстаханасы болып табылатынын атап өтті. Бүгінде бұл бакалавриат базасында құқық қорғау қызметі үшін мамандар дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны, деп атап өтті ол.
Құрметті қонақтардың қатысуымен 213 жас курсант Отанға адал болуға ант берді.

02944750015690524052109201925_800x600.jpg

Облыс әкімі бірінші курс студенттерін құттықтап, бүгінгі күні полиция жұмысы бүкіл қоғамның жіті назарында екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы полицияны одан әрі ашық болуға және халық арасында сенім мен беделді арттыру үшін жұмыс істеуге шақырды. Ал біз биліктің атқарушы органдары ретінде сіздерденн, полицейлерден, азаматтардың тыныш және қауіпсіз өмірін қамтамасыз етулеріңізді күтеміз", - деді Жеңіс Қасымбек.

06841010015690524062109201926_800x600.jpg

Академияда ҚР Ұлттық музейінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала: сақта - ұрпақтан ұрпаққа» атты көрме ашылды. Елордадан Қарағандыға мұражайдың ең құнды экспонаттарының бірі – «Алтын адам» жеткізілді. Оны брондалған машинамен күзетпен алып келген. Бұл жәдігер Отанға деген батылдық пен абыройдың символы болып табылады.

08574980015690524052109201925_800x600.jpeg

Сонымен қатар Академия аумағында генералдар аллеясы ашылды. Мұнда ҚР ІІМ 65 генералының қысқаша өмірбаяндары бар портреттер орнатылды. Олардың барлығы осы ЖОО түлектері.

09221640015690524032109201923_800x600.jpg

Өзгелердің жаңалығы