Ибрагим Ескендір: Еңсең түспесін, Алашым!

19 Наурыз 2020, 20:12
4257
Бөлісу:
Ибрагим Ескендір: Еңсең түспесін, Алашым!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әнші әрі боксер Ибрагим Ескендір елдің еңсесін көтеру мақсатында "Бір – біргеміз!" деп ән шырқады.

Қазақстанды ғана емес, тұтас әлемді дүрліктірген коронавирусқа қарсы ҚР "Дарын" сыйлығының лауреаты, әнші әрі боксер Ибрагим Ескендір елдің еңсесін көтеру мақсатында #Birgemiz деген Президент үндеуін қолдап, "Бір – біргеміз!" деп ән шырқады.

Ол әнді өзінің Instagram парақшасына жүктеді.

Тар жол, тайғақ кешкен елміз ғой, сын-сағатта бірлігімізді танытайық! Алла елімізге келген індеттен аман-сау өтуімізді нәсіп етсін! БІЗ #БІРГЕМІЗ ҚАЗАҒЫМ!, - деп жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.

Әншінің әнін оқырмандары жылы қабылдап, жағымды пікір жазып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін композитор Марат Омаровтың вирусқа қарсы "Коронавирус, кет!" әні Желіге тарап кеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы