Халықаралық әуе рейстері бойынша ақпарат
12 Қаңтар, 12:29 274

Халықаралық әуе рейстері бойынша ақпарат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 12 қаңтарда Нұр-сұлтан қаласынан (қаласына) Мәскеу, Дубай, Франкфурт, Стамбул, Кутаиси, Ташкент, Пхукет, Гоа, Санкт-Петербург, Коломбо, Бішкек, Мале, Омбы, Тбилиси қалаларынан/қалаларына 36 халықаралық рейсті орындау жоспарланып отыр, Красноярск қаласынан(қаласына) 2 рейс тоқтатылды.

Ақтау, Шымкент, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларынан Үргенш, Нөкіс, Амстердам, Ыстамбұл, Шарджа, Пхукет, Мәскеу қалаларынан/қалаларына, Алматы, Ақтау, Түркістан қалаларынан Ыстамбұл, Дубай, Сеул, Минск, Кувейт, Калининград, Душанбе, Мәскеу, Үргенч қалаларынан/қалаларына 18 халықаралық рейсті орындау жоспарланып отыр.

ҚР бойынша барлығы 54 рейсті орындау жоспарланып, 22 рейс тоқтатылды.

 «Lufthansa» және «Turkish Airlines» авиакомпанияларының рейстерін қоспағанда, Нұр-сұлтан қаласындағы халықаралық әуе қатынасы толығымен қалпына келтірілді. «Turkish Airlines» авиакомпаниясы 13 қаңтардан бастап Нұр-сұлтан қаласына ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...