Халықаралық Түркі академиясына жеке ғимарат берілді

29 Қазан 2021, 18:14
2888
Бөлісу:
Халықаралық Түркі академиясына жеке ғимарат берілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимаратының ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия елдерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшілері,  ҚР ҰҒА академигі Оразақ Смағұлов, мемлекет және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Қуаныш Сұлтанов, белгілі ғалым Айнагүл Смағұлова, халықаралық ұйым басшылары, сонымен қатар жоғарғы оқу орындары мен зерттеу орталықтарының басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Халықаралық Түркі академиясына жеке ғимарат берілді

Жаңа ғимарат екі корпустан тұрады. Бірінші корпуста академия ұжымы орналасса, екінші корпус Түрк музейі мен Түркология кітапханасына арналған.

Айта кету керек, заңды құжаттары мақұлданып, толық халықаралық ұйым мәртебесіне ие болған Түркі академиясы – түбі бір түркі елдерінің  ғылыми интеграциясын нығайту, руханият кеңістігін үйлестіру, ортақ мұраларды кешенді дәріптеу мақсатында құрылған.

Халықаралық Түркі академиясына жеке ғимарат берілді

Түркі Академиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. 2009 жылдың 3 қазанында қол қойылған тарихи Нахчыван декларациясына сәйкес, 2010 жылдың 25 мамырында Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласындағы (сол кездегі Астана қаласы) Бейбітшілік және Келісім сарайында Түркі академиясы ашылды.

Өзгелердің жаңалығы