Халықаралық әуе рейсі жолаушыларының барлығы ПТР-анықтамамен келген

13 Мамыр 2021, 12:12
976
Бөлісу:
Халықаралық әуе рейсі жолаушыларының барлығы ПТР-анықтамамен келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 12 мамырында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады.

2021 жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Грузия, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Моңғолия, Сербия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 025 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 1 796 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 683 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы;

Семей қаласының әуежайына – 2 рейс, 10 жолаушы.

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 123 жолаушы.

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 192 жолаушы.

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 73 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген, - делінген комитет хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы