Қазақстан мен Қырғызстан өзара сауда жасауды азайтқан

13 Мамыр 2021, 11:57
2841
Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғызстан өзара сауда жасауды азайтқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы азайған. Бұл көрсеткіш 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға төмендеген.

Сенаттың жалпы отырысында депутат Бауыржан Қаниев осы мәселе жөнінде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтан сұрады.

Министрліктен алған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 2020 жылы 2019 жылға қарағанда тауар айналымы 15,3 пайызға төмендеген. Экспорт 9,9 пайызға азайса, ал импорт 26 пайызға кеміген. Сауда балансы 20,6 млн АҚШ долларына өскен. Осы орайда сауда балансының өсімі немен байланысты?, - деді депутат.

Министр Сұлтанов пандемия басталғаннан бері Қазақстанның да, Қырғызстанның да экономикалық жағдайы теріс балансқа өткенін түсіндірді. 

Жалпы, біздің экспортымыз да, олардан алып келетін импортымыз да төмендеді. Бірақ импорттың кемуі көбірек болды. Экспорт 62 млн долларға, ал импорт 92 миллионға қысқарды. Бұл өз кезегінде арамыздағы баланстың жақсаруына тікелей әсерін беріп отыр. Сосын Қытайдан импорттың да азайғанын да білесіздер ме? Олардың тауары бізге Қырғыз Республикасы арқылы келеді. Сондықтан жағдай Қытайдан келетін импортқа да тікелей әсер етті, - дейді министр.

Қазақстанның Сауда министрі бір жыл ішінде Қырғызстанға бидай экспорты 18 миллион долларға, темекі өнімдері - 11,5 миллионға, металл құрылымдары - 6 миллионға азайғанын мәлімдеді.

Импорттың ішінде былғарыдан жасалған бұйымдар 15 миллионға, декоративті косметика 12 миллионға және басқа тауарлар азайды.

Былғарыдан жасалған аяқ киім, сәндік косметика және басқа тауарлар азайды.

Бұған дейін Сенат ЕАЭО аясында Қырғызстанның кедендік-тарифтік мөлшерлемесіне қатысты құжатты мақұлдағаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы