Бас жаңалықтар
Халық екпе салдыруға белсенді түрде келіп жатыр
13 Сәуiр 2021, 12:21 245

Халық екпе салдыруға белсенді түрде келіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының жаппай вакциналау штабы еріктілерінің үйлестірушісі Жәнібек Солтанай қала тұрғындары екпе алу орындарына белсенді түрде келіп жатқанын айтты.

Қала тұрығындары арасында жаппай вакцина салуды жүргізудің алдында әкімдік, мемлекет тарапынан кешенді жұмыс жүргізілді. Солардың қатарында біздің медициналық жоғары оқу орындары мен колледж студенттері бар. Олар өздері сабақ өтіп жүрген клиникалық базадағы науқастармен сөйлесу арқылы, өздері жүрген ортада осы вакцинаның маңызын түсіндіру жұмысына белсенді араласты. Соның нәтижесінде қазір қала тұрғындары вакцина салу орындарына көптеп келуде,-дейді ол.

Сонымен қатар ол екпе салу орындарында жұмыс істеп жатқан волонтер қатарында медициналық оқу орынның студенттері мен бірге өзге мамандық иелері де бар екенін айтты.

Екпе салу пунктерінің жұмысын үйлестіру үшін медициналық білім міндетті емес. Өйткені бір жылдан бері коронавирус инфекциясымен бірге өмір сүріп келеміз. Барлығы маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін жақсы біледі. Сондықтан медициналық емес оқу орынның студенттері осындай қауіпсіздік шарасын ұстануға көмектесіп жатыр, - дейді Жәнібек Солтанай.

Оның айтуынша, волонтерлердің 70 пайызы ерікті түрде екпені салдырған, қалғандары алдағы уақытта салдырады. Дегенмен екпені салдыру әркімнің өз еркінде.



Фото: дереккөз
Загрузка...