Гутерриш: COVID-19 пандемиясының «қарыз пандемиясына» алып келуіне жол бере алмаймыз

22 Қараша 2020, 22:22
1234
Бөлісу:
Гутерриш: COVID-19 пандемиясының «қарыз пандемиясына» алып келуіне жол бере алмаймыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш G20-ны кедей елдердің қарызын өтеу мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырды.

Бұған дейін G20 елдерінің қаржы министрлері әлемнің ең кедей елдері үшін қарыздық төлемдерді тоқтату бастамасын алты айға – 2021 жылдың сәуіріне дейін ұзартуға келіскен болатын.

 

G20 қарыздық қызметті тоқтата тұру бастамасын алты айға ұзартты және қарызбен жұмыс істеудің жалпы схемасын қабылдады. Біз бұл қадамдарды құптаймыз, бірақ көп нәрсе істеу керек. Мен 2021 жылдың соңына дейін одан әрі ұзартуды және ең бастысы, бастаманың аясын барлық дамушы және орташа табысы бар мұқтаж елдерге кеңейтуді талап етемін, - деді Гутерриш баспасөз конференциясында.

 

Оның айтуынша, «қарыздың ашықтығы мен тұрақтылығын арттыру үшін ғаламдық архитектураны құру қажет».

 

Банкроттан болатын домино эффект жаһандық экономиканы бұзуы мүмкін. Біз COVID пандемиясының қарыз пандемиясына алып келуіне жол бере алмаймыз, - деді БҰҰ Бас хатшысы.

 

G20 саммиті 21-22 қарашада онлайн режимінде өтті, оның тақырыбы коронавирус пандемиясы, климатты қорғау, қаржы аясаты және әлемдік экономика мен сауданы дамыту, Африканы қолдау.

Саммит жұмысына Гутерриш қатысты.

Өзгелердің жаңалығы