Грузияға 3 млн доза қосымша вакцина әкелінеді

6 Қыркүйек 2021, 16:44
737
Бөлісу:
Грузияға 3 млн доза қосымша вакцина әкелінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузия билігі вакцинация туралы үндеу жариялады және жақын арада елге COVID-19 вакцинасының 3 миллион дозасы қосымша әкелінетінін мәлімдеді. 

Бүгінде елде 1 миллион доза Pfizer, 1 миллион доза қытайлық Sinovac вакцинасы бар. Біз 1 миллион Sinopharm дозасын және 2 миллион Pfizer дозасын әкелу бойынша жұмыс жасап жатырмыз,-деді Премьер-министр Ираклий Гарибашвили. 
Оның айтуынша, вакцинация пандемиямен күресудің жалғыз құралы болып табылады және алдағы айларда Грузияға вакцинаның жаңа дозалары қажет болады. Соңғы мәліметтер бойынша Грузияда 1 314 104 екпе жасалған. Бірінші компонентпен 838 356 адам егілді-бұл халықтың 29,4%, екінші компонентті 475 748 адам алды.

Ал Өзбекстан Республикасы ҚХР-дан COVID-19 препараттарын алады. Қытай Өзбекстанға коронавирусқа қарсы ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының 4,5 миллион дозасын жіберді. Бүгін препарат Ташкент халықаралық әуежайына жеткізілді. Өзбекстан сатып алған Қытай вакцинасының жалпы көлемі-18 миллион доза. Елге барлығы 22,44 млн доза жеткізілді. 

Соның ішінде, қайырымдылық көмек шеңберінде Өзбекстан ресейлік "Спутник V" вакцинасының 460 мың дозасын, 986,4 мың AstraZeneca және 3 млн Moderna препаратын алды.

Өзгелердің жаңалығы