Бас жаңалықтар
Головкиннің бапкері келісімшартты бұзуының себебін айтты
25 Сәуiр 2019, 11:26 370

Головкиннің бапкері келісімшартты бұзуының себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің бапкері америкалық Абель Санчеспен қарым-қатынасын үзгені жайлы Instagram-дағы парақшасында жариялаған болатын. Өз кезегінде Санчес бұндай шешім не себепті қабылданғанын айтып, GGG-дің DAZN стриминг сервисімен келісімшартының қаржылық тұстарын ашты, деп хабарлады Vesti.kz.

"Өзім және карьерам үшін маңызды шешім қабылдадым... Енді Абель Санчеспен жаттығуымды жалғастырмаймын. Оңай шешім болмады және бұл Абель Санчестің қабілетіне байланысты емес. Ол тамаша, сенімді бапкер... Жаңа жаттықтырушыны кейінірек хабарлаймын, ал әзірге Абельге бокста үйреткен сабақтарына алғыс айтқым келеді", - деп жазды Головкин өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Геннадий Головкин мен Абель Санчес 2010 жылдан бері жұмыс істеген болатын. Санчес боксшымен не үшін қарым-қатынасын үзгені туралы мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап мен Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін. Тоғыз жыл бойы бірге керемет жұмыс істеп, рекордтар қойып, Даңқ залынан орын алып, DAZN-мен 100 миллион долларға келісімшарт жасасқаннан кейін ол жалақымды азайтуды ұсынды. Абыройым мен ар-намысым осылай алдануыма жол бермейді. Өкінішке қарай, ашкөздік пен сараңдық, сонымен қатар алғыс пен адалдықтың болмауы қарым-қатынасымызды үзуге алып келді», - деді Санчес Yahoo! Sports-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Абель Санчестің баптауымен Головкин соңғы жекпе-жегінде Сауль Альварестен ұтылып қалған.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық