Головкин Деревянченкоға қарсы жекпе-жектен қанша табады

5 Қазан 2019, 14:23
2161
Бөлісу:
Головкин Деревянченкоға қарсы жекпе-жектен қанша табады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жек үшін алатын гонорар сомасы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.


«Головкин жекпе-жек үшін 15 миллион АҚШ долларын(7,5 миллионын қолма-қол және қалған 7,5 миллионын DAZN стимингтік сервисі арқылы ) алады. Деревянченко өз кезегінде 4 миллион алады, бірақ оған кепілдендірілген сома - 5,2 миллион АҚШ доллары», — деп мәлімдеді ESP шолушысы Дэн Рафаэль өзінің Twitter-аккаунтында.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек 6 қазан күні таңертең Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Жекпе-жекте орта салмақ дәрежесінде IBF және IBO бос титулдары ортаға салынады.
Өзгелердің жаңалығы