Голливудтың танымал продюсері Головкин туралы деректі фильм түсірді

31 Мамыр 2019, 12:05
1768
Бөлісу:
Голливудтың танымал продюсері Головкин туралы деректі фильм түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Голливудтың танымал әртісі, әрі продюсері Марк Уолберг Головкин туралы түсіріліп жатқан фильмнің продюсері болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

"40 дней" атты фильмді DAZN стриминг компаниясы түсіруде. Туынды Геннадий Головкин мен Стив Роллстың кездесуіне орайластырылған.

"Біз "40 дней" атты туындыны көрсетуге қуаныштымыз. GGG мен Стив Роллстың жекпе-жегінде қолдау көрсетіңіз", - деп таныстырды фильмін DAZN компаниясының өкілдері.

Марк Уолберг BoxingScene басылымына берген сұқбатында бокстың жанкүйері ретінде DAZN компаниясымен әріптестікке қуанышты екенін жеткізді. Бұл туынды Геннадийдің жекпе-жекке деген дайындығын көрсететінін айтты. 

"Big Drama Show жасау үшін көп жұмыс істеу керек. "40 күн" жаттығу лагерінде болдық. Бокс жанкүйерлері ондағы болған жаттығуларды толығымен көре алады. Біз Джонатан Бэнкспен Madison Square Garden алаңында болатын соғысқа дайындалып жатырмыз", - деді Головкин.

"40 дней" - әлемге әйгілі боксшылар туралы деректі фильм сериялары. Головкин - Роллс жекпе-жегі жайлы бөлімі DAZN мен Unrealistic Ideas және Film 45 әріптестігімен түсірілген.

"GGG-дің Big Bear лагеріне барғанда, біз Головкиннен оның тарихын кім айтып бере алатынын сұрадық. Ол бірден Марк Уолберг пен Питер Бергті ұсынды", - деп атап өтті DAZN компаниясының өкілі Джейми Горовиц.

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО). Боксшылар 164 фунтқа дейінгі аралықтағы салмақта өнер көрсетеді. Бұл бокс кеші қазақстандықтың DAZN компаниясымен 3 жылдық келісімшартының алғашқы жекпе-жегі. Сондай-ақ, бұл Геннадий Головкиннің жаңа бапкер қол астындағы алғашқы кездесуі.

Өзгелердің жаңалығы