GGG Назарбаевқа: Тәуелсіз мемлекет үшін алғыс айтамын

20 Наурыз 2019, 00:33
2775
Бөлісу:
GGG Назарбаевқа: Тәуелсіз мемлекет үшін алғыс айтамын

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қатысты пікір білдірді. 

"Қазақстандық және елімнің патриоты ретінде Тұңғыш Президентімізге ең алдымен Тәуелсіз мемлекет үшін алғыс айтқым келеді. Өз Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Өзіміз сүйетін және мақтанатын көпұлтты еліміз - Қазақстан бар. Нұрсұлтан Әбішұлы, барлығы үшін рақмет! Сізге зор денсаулық, ал жас елімізге амандық пен гүлденуді тілеймін", - дейді боксшы. 

Головкин Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаса да, әрқашан елдің Тұңғыш Президенті және мемлекет тарихын жасаушы тұлға болып қала беретінін жеткізіп, "мықты ұлт" үшін алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы