Бас жаңалықтар
Гейтс адамзат тарихындағы 3 маңызды ғылыми жетістікті атады
08 Мамыр 2021, 09:20 3064

Гейтс адамзат тарихындағы 3 маңызды ғылыми жетістікті атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Microsoft компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Билл Гейтс адамзат тарихындағы ең маңызды ғылыми жетістіктерді атады. 

Бұл туралы ол Handelsblatt газетіне берген сұхбатында айтты.
Былтыр қандай қиындықты бастан кешіргенімізді ескерсек, вакцина - ол адамзат тарихындағы ең маңызды жетістік екенін айтуға тиіспін. COVID-19-ға қарсы вакцина бізге биыл пандемияны еңсереміз деген үміт сыйлады, - деді Билл Гейтс. 

Айтуынша, жалпы вакциналар түрлі ауру-сырқаумен күресуге көмектесіп келеді. 

Microsoft экс-басшысының сөзінше, маңыздылығы жөнінен екінші жетістік ол - микропроцессордың жасап шығарылуы.

Сіздерді менің микропроцессордың үлкен фанаты екенім қатты таңғалдыруы мүмкін. Дегенмен ол бізге дербес компьютерді жасап шығаруға мүмкіндік берді, ал ол өз кезегінде информатика саласында революцияға қол жеткізуге септесті, соңғы 50 жылда инновациялардың әсерлі толқынын іске қосты, - деп түсіндірді ол.
Гейтс тағы бір жетістікті атады. Ол жасыл революция - әлем бойынша ауыл шаруашылығы өнімі көлемін айтарлықтай ұлғайтуға жетелеген 1940-1970 жылдардағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзгерістер кешені. Бұл ретте ол агроном Норман Борлаугтың жүргізген зерттеулерін ерекше атап өтті.
Бұған дейін әлем халқын жеткілікті дәрежеде азық-түлікпен қамту мүмкін болмаған еді. Борлоугтың еңбектерінің арқасында 1 млрд-тан астам адам ашаршылықтан келетін өлімнен құтқарылды, - деді ол. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...