"Лауазымды тұлғаларға пара беремін" деп алдап, 31 млн теңгені жымқырған адвокат сотталды

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 19:34
Бүгiн 2026, 19:34
413
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Ұлытау облысында адвокат алаяқтық жасап, 31 млн теңге алғаны үшін 6 жылға сотталды. Ол пара беруге итермелегені де анықталды.
 
2026 жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады.

Тергеу барысында оның алдау жолымен сенім білдірушіні жаңылыстырып, ұлына қатысты қылмыстық істі тоқтату мәселесін шешу үшін лауазымды тұлғаларға берілетінін айтып, ақшалай сыйақы беруге көндіргені анықталды, - деп хабарлады Ұлытау облысының прокуратурасы.

Нәтижесінде адвокат алаяқтық жолмен сенім білдірушіден 31 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған.
 
Жезқазған қалалық сотының үкімімен адвокат 6 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен және заң консультанты қызметімен айналысу құқығынан айырылды.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқи отырыңыздар:

Погон таққан лудоман: Павлодарда колония қызметкері пара алғаны үшін сотталды 

Лудоман-бухгалтер 100 миллионнан астам қаржыны бәс тігуге және жаңа көлікке жұмсаған

Наверх