Жұмысқа кешіккендерге жаза бар ма? Заң не дейді

Жұмысқа кешігу – заң алдында айыппұл немесе қамауға әкелетін құқықбұзушылық емес, бірақ еңбек тәртібін бұзу болып саналады.

 freepik.com Бүгiн 2026, 14:30
Бүгiн 2026, 14:30
253
Фото: freepik.com
Қазақстанда жұмысқа кешігу – көпшілік ойлағандай әкімшілік немесе қылмыстық жазаға әкелетін құқықбұзушылық емес. Алайда бұл мәселе толықтай жауапкершіліксіз дегенді білдірмейді. Кешігу еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырылып, белгілі бір салдарға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 
Кешігу – құқықбұзушылық емес, бірақ тәртіп бұзу
 
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша қызметкер жұмыс берушінің ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міндетті. Бұл талап қызметкердің жұмыс уақытына дәл келуін де қамтиды.  
 
Яғни, жұмысқа кешігу – заң алдында айыппұл немесе қамауға әкелетін құқықбұзушылық емес, бірақ еңбек тәртібін бұзу болып саналады.
 
Қандай жаза қолданылуы мүмкін?
 
Еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс беруші кешіккен қызметкерге тәртіптік жаза қолдануға құқылы. Олар:
•ескерту
•сөгіс
•қатаң сөгіс
Бұл шаралар ұйымның ішкі тәртіп ережелері мен еңбек шартында көрсетіледі.
 
Қанша рет кешіксең жұмыстан шығарады? Толығырақ “Заң мен Тәртіп - 1 минутта” жобасында айтамыз.
 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Аида/журналист/UGC-креатор/регистрация брака (@aidabatukhan)

Наверх