Германияда пандемия басталғалы жаңа антирекорд тіркелді

15 Қаңтар 2021, 16:30
1464
Бөлісу:
Германияда пандемия басталғалы жаңа антирекорд тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Германияда пандемия басталғалы жаңа антирекорд тіркелді. Тәулігіне 1 244 COVID-19 кесірінен қайтыс болды. Дәрігерлер бұл соңғы жағдай емес екендігін және ахуалдың жақсаруын күтудің қажеті жоқ деп санайды. 

Елде қаңтар айының соңына қатаң карантин енгізілген, бірақ ел билігі қоғамдық көліктің толық тоқтауын қамтитын қатал «мега-локдаунның» енгізілуін қарастыруда. Францияда қоғамдық көліктер жұмыс істейді және дүкендер де ашылды, бірақ коменданттық сағат күшейтілді: енді кешкі сағат 6-дан кейін себепсіз көшеге шығуға болмайды (бұған дейін тыйым 20:00-ден басталған болатын).

Испанияда 100 мың тұрғынға шаққандағы жұқтыру көрсеткіші қайтадан 500 бірліктен асып кетті. Андалусия, Мурсия және Кастилия және Леон автономды қауымдастықтарының басшылары ел үкіметінен өз аймақтарында үйде оқшаулау режимін енгізуге құқық пен мүмкіндік беруді сұрап отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы Қытайдың Ухань қаласына коронавирустың шығу тегін зерттеу үшін келді. Жұмысқа кіріспес бұрын 10 сарапшы екі апталық карантиннен өтулері керек. Бірнеше ай бойы болған тұрақтылықтан кейін, соңғы аптада Қытайда коронавирустық инфекцияның тәуліктік тіркелген саны күрт өсті. Олардың көпшілігі төтенше жағдай жарияланған Хубей провинциясында анықталған.

Өзгелердің жаңалығы