Германияда COVID-19-ды екінші рет жұқтырған азамат қайтыс болды

21 Қаңтар 2021, 14:03
1461
Бөлісу:
Германияда COVID-19-ды екінші рет жұқтырған азамат қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл - вирусты қайта жұқтырғаннан кейін елде тіркелген алғашқы өлім оқиғасы, деп хабарлайды Германияның Денсаулық сақтау министрлігі.

Германияда 73 жастағы тұрғын коронавирустық инфекцияның жаңа түрін қайта жұқтырғаннан кейін қайтыс болды. Бұл туралы 20 қаңтарда Баден-Вюртемберг федералды мемлекетінің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап Suddeutsche Zeitung хабарлады.

Басылым атап өткендей, бұл - Германияда коронавирусты қайта жұқтырғаннан кейінгі алғашқы өлім дерегі. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес өлімнің тікелей себебі - коронавирустық инфекциядан туындаған пневмония және көп ағзалық жеткіліксіздігі бар сепсис.

Ер адам алғаш рет COVID-19-ды 2020 жылдың сәуірінде жұқтырған. Азаматтың індетке екінші рет шалдыққаны желтоқсанда тіркелді, ал 11 қаңтарда науқас қайтыс болған.

Қазіргі уақытта мамандар вирустың жалпы түрі немесе оның мутациясы аурудың қайталануына себеп болды ма, жоқ па, соны анықтауда.

Естеріңізге сала кетейік, Германия билігі коронавирусқа байланысты шектеу шараларын 14 ақпанға дейін ұзартты.

Өзгелердің жаңалығы