ХОК Токиодағы жазғы Олимпиада уақытын шегермейді

21 Қаңтар 2021, 13:46
1930
Бөлісу:
ХОК Токиодағы жазғы Олимпиада уақытын шегермейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус  пандемиясына байланысты 2021 жылға кейінге қалдырылған Токиодағы жазғы Олимпиада уақытын өзгертпейді, деді ХОК мүшесі Ричард Паунд. Бұл туралы Kyodo хабарлады.

Оның айтуынша, коронавирус таралуын тоқтату мүмкін болмаса, ойынды көрерменсіз өткізген дұрыс. Оны тағы кейінге қалдыру қиын болатынын атап өтті.

Көрерменмен ойын өткізу өте жақсы, бірақ бұл қазіргі жағдайда қажет пе, - деп толықтырды Паунд.

Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. 

Коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты жарыстар бір жылға кейінге шегерілді және 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Сонымен қатар «Токио-2020» ойындарының атауы сақталады.

Маусым айында Токиодағы ойындарды ұйымдастыру комитеті ресми түрде келесі жылы жарыстарды өткізу форматын жеңілдетуді жақтады.

Токиодағы жазғы Олимпиада бейбіт уақытта кейінге қалдырылған жалғыз олимпиада болып тарихқа енеді.

Өзгелердің жаңалығы