Германия Ауғанстанға қаржы бөлуін тоқтатты

18 Тамыз 2021, 03:35
2344
Бөлісу:
Германия Ауғанстанға қаржы бөлуін тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия Ауғанстанды қолдауды тоқтатты, яғни «Талибан» елдегі билікті басып алғаннан кейін, ресми Берлин Ауғанстанды дамыту үшін қаражат бөлуін шектеді. Бұл туралы Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маастың мәлімдемесіне сәйкес Inbusiness.kz хабарлайды.

Маас егер тәліптер шариғат заңдарын орнатса, Германия Ауғанстанға көмек көрсетуді шектейтінін ескерткен еді. Алдыңғы апталарда содырлар басып алған аумақтарда шариғат заңдары орнатылатыны бірнеше мәрте рет айтылған еді. Кей басылымдардың дерегінше, қазір содырлар жергілікті әйелдерді тұрмыс құруға мәжбүрлеп жатқан көрінеді.

Бұған дейін Кабулдан ұшып шыққан неміс ұшағының бортында небәрі жеті адамның болғаны жарияланған. Мұның себебі – әуежайдағы тәртіпсіздіктер мен атыс. Бірақ бұрын Германия билігі эвакуациямен айналысуға дайын екенін және Ауғанстаннан 10 мыңға жуық адамды шығаратынын мәлім еткен.  

Өзгелердің жаңалығы