General Motors жұмыскерлері жалақыны көтеруді талап етіп отыр

18 Қыркүйек 2019, 06:17
1329
Бөлісу:
General Motors жұмыскерлері жалақыны көтеруді талап етіп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. General Motors компаниясының жұмысшылары жалпыұлттық ереуіл жариялады. Бұл автокөлік саласындағы кәсіподақ үшін ең ірі ереуіл болып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Жұмысқа 49 мыңнан астам адам шықпай қойған. Соның салдарынан 9 штатта орналасқан 33 өндіріс орны уақытша жабылды.

Бұған қоса компанияның 22 үйлестіру қоймасы жұмысын тоқтатқан. Даудың басы АҚШ аумағындағы 4 зауыттың жабылуынан шыққан. Мұнымен қатар наразы жұрт жалақының көтерілуін де талап етті.



Өзгелердің жаңалығы