Ганада екі автобус соқтығысып, 17 адам қаза тапты

4 Ақпан 2021, 16:45
1655
Бөлісу:
Ганада екі автобус соқтығысып, 17 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі жолаушылар автобусы Кумаси және Тамале қалаларын жалғайтын тас жолда соқтығысқан.

Гананың солтүстігінде жол апаты салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 44 адам зардап шекті. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі бүгін жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Апат Буйпе елді мекенінің жанындағы Кумаси мен Тамале қалаларын жалғайтын автомагистраль бойымен қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі жолаушылар автобусының соқтығысуынан болды, - делінген хабарламада.

Оқиға орнында 16 адам қайтыс болды, тағы біреуі ауруханада көз жұмған. Екі автобустың салонында болған 44 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алып, қазіргі уақытта Буйпе медициналық мекемелерінде емделіп жатыр.

Полиция апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізуде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Өскемен-Семей» тасжолында жол апаты болып, екі медицина қызметкері қаза тапты. 

Өзгелердің жаңалығы