Бас жаңалықтар
«Galaxy S10-ға» тапсырыс беру жалғасады
04 Наурыз 2019, 17:52 229

«Galaxy S10-ға» тапсырыс беру жалғасады

Алматы, BAQ.KZ. Samsung Electronics «Galaxy S10» флагмандық құрылғыларының жаңа сериясын ұсынды. 

Бұл туралы qazaqtimes.com сайты жазды. Esentai Mall кешенінде өткен таныстыру кезінде компания өкілдері смартфондардың жаңа технологиялары мен функцияларын таныстырып, қонақтар арасында Galaxy S10 смартфондары ойнатылды. 

Іс-шараға IT-сарапшылар, кәсіпкерлер, әртістер, дизайнерлер, журналистер мен блогерлер қатысты. Қатысушылар жаңа құрылғының техникалық мүмкіндіктерін және дисплей сапасын жоғары бағалады.  

Басты жаңалықтардың қатарында Galaxy S10 негізгі моделі, Galaxy S10+, оның ішінде 1 Тб кіріктірілген жады бар керамикалық нұсқасы көрсетілді. Galaxy S10 Dynamic AMOLED – экранда бірінші кіріктірілген саусақ іздерінің ультрадыбыстық сканері бар, екі өлшемді сурет емес, терінің үш өлшемді кескінін оқитын сапалы дисплей. Алғаш рет Galaxy S, Galaxy S10 құрылғыларына адам көзімен сәйкес келетін ультра кең бұрышты обьектив орнатылды. Осы арқылы барлық іс-қимыл кадрға ілігеді. 

Қазақстанда смартфондардың алдын ала тапсырыс беру 6 наурызға дейін жалғасады. Алдын ала тапсырыс бойынша алғашқы сатып алушылар Galaxy сымсыз құлаққаптарын сыйлыққа алу мүмкіндігне ие болады.

Ресми сатылымдар 8 наурызда басталады. Сол уақыттан бастап керамикалық лимиттелген серияны (1000 дана) да сатып алуға болады. 


Сізден жаңалық