Гүлшара Әбдіхалықова мемлекеттік степендия иегерлерімен кездесті

25 Қаңтар 2019, 12:50
2985
Бөлісу:
Гүлшара Әбдіхалықова мемлекеттік степендия иегерлерімен кездесті

Алматы, BAQ.KZ,тілшісі. Алматыда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет саласы бойынша мемлекеттік степендия иегерлерімен кездесті.

Өткен жылдың соңында еліміздің бірқатар өнер қайраткерлері ҚР тұңғыш президенті Елбасының мәдениет саласы бойынша мемлекеттік степендия иегері атанған болатын.

«Отанды, туған жерді сүю, ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді ұлықтау бабалара арманының басты шарты. Адамзат қуанышын ұлғайтатын рухани бай, саламаты мол бабалар тәрбиесінен тағылым алған азаматтар оны дәлелдейтін елдің әдебиеті мен өнері. Бүгінгі таңда ұлтымыздың тарихи танымын үзбей жалғап келе жатқан және мәдениетіңміз бен әдебиетіміздің дамуына зор үлестерін қосып келе жатқан құрметті қайраткерлерімізге шексіз алғысымызды айта отырып, барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін», - деді министр А. Мұхамедиұлы.

Әділет МҰСАХАЕВ
Фото: Автор
Өзгелердің жаңалығы