FINA синхронды жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге шегерді

8 Сәуір 2021, 02:34
1205
Бөлісу:
FINA синхронды жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге шегерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) синхронды жүзуден олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге қалдырды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды ҰОК сайты.

Іріктеу бәсекесі 1-4 мамыр аралығында Токиода өтуге тиіс болатын.  

Бұған дейін FINA 29-30 мамыр күндері Фукуока қаласында өтеді деп жоспарланған ашық суда жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирін, кейін 18-23 сәуірге жоспарланған суға секіруден әлем кубогін кейінге шегерген еді.  Аталған турнирлерге қатысты соңғы әрі нақты шешім бір аптаның ішінде белгілі болады.




Өзгелердің жаңалығы