Еуропа лигасының матчына қазақстандық төрешілер қызмет етеді

18 Тамыз 2020, 07:35
1527
Бөлісу:
Еуропа лигасының матчына қазақстандық төрешілер қызмет етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа Лигасының 1-іріктеу кезеңіндегі матчтардың төрешілері анықталды. Бұл туралы Azerisport.com хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, Арман Исмуратов "Сумгайит" – "Шкендия"(Солтүстік Македония) кездесуінің бас төрешісі болып тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен Самат Тергессізов көмектеседі, сондай-ақ төртінші төреші болып Жандос Абжан қызмет атқарады.

Төрешілер тобы Қазақстан атынан шығады.

Матч 27 тамызда Сумгайиттегі "Капитал Банк Арена" стадионында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы