Еуропа чемпионатына қатысатын 17 құрама анықталды

19 Қараша 2019, 08:49
2844
Бөлісу:
Еуропа чемпионатына қатысатын 17 құрама анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде бақ сынайтын 24 құраманың 17-сі анықталды, деп жазды prosports.kz.

Олар – Бельгия, Испания, Италия, Польша, Түркия, Ресей, Украина, Франция, Англия, Чехия, Швеция, Финляндия, Германия, Голландия, Хорватия, Австрия және Португалия.

20 команда ЕУРО-2020 турниріне тікелей жолдама алса, 4 құрама Ұлттар лигасы арқылы өтеді.

Финалдық кезеңнің жеребесі 30 қараша күні тартылады. Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 12 маусым күні басталып 12 шілде күні аяқталады.

Дүбірлі дода Еуропаның 12 қаласында: Санкт-Петербург, Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Бухарест, Дублин, Копенгаген, Будапешт, Глазго, Бильбао және Амстердам қаласында өтеді.




Өзгелердің жаңалығы