Еуроодақ кедей елдерге 200 млн вакцина бермек

15 Қыркүйек 2021, 23:36
965
Бөлісу:
Еуроодақ кедей елдерге 200 млн вакцина бермек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақта ересектердің 70 пайызына вакцина салынған. Бұл туралы Еурокомиссия президенті мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Сонымен қатар,  Урсула фон дер Ляйен «екпе егу жылдамдығын арттыру керек» деді. Одақ ішінде вакцинаның 700 миллион дозасы салынды, тағы 700 миллион дозасы өзге елдерге жіберілді. Табысы аз елдерге 250 миллион вакцина бөлу міндеттемесін алған Еуроодақ алдағы жылы бұл мемлекеттерге тағы да 200 миллион доза жөнелтуді жоспарлауда.

Ең басты мақсатымыз – бүкіл әлемде вакциналау қарқынын үдету. Табыс көрсеткіштері төмен елдерде екпе салдырған адамдардың үлесі бір процентке жетпейтінін ескерсек, әділетсіздік ауқымы мен шұғыл әрекет ету қажеттілігі айқын білінеді. Бұл осы кездегі ең өзекті геосаяси ахуалдардың бірі. Бұл жағдайды вакциналанбағандардың пандемиясына айналдырмау үшін бар күшімізді салуға тиіспіз, – деп мәлімдеді Еурокомиссия президенті Урсула Фон Дер Ляйен.
Қазір одақ алдында бірнеше міндет тұр. Олардың дені 12 айдың ішінде орындалуы тиіс. Мәселен, Еурокомиссия жетекшісі халық денсаулығын бақылауды күшейтуді ұсынған. Бұл мақсатта 2027 жылға дейін 50 миллиард еуро бөлінбек. Бұдан бөлек алға қойылған міндеттердің арасында Еуропаны технологиялық көшбасшыға айналдыру және Одақтың қорғаныс қабілетін арттыру бар.


Өзгелердің жаңалығы