Еуродақ шекарасын 30 күнге жапты

18 Наурыз 2020, 08:26
1541
Бөлісу:
Еуродақ шекарасын 30 күнге жапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақтың бейнеконференция режимінде өткен саммитінде коронавирустың таралуына қарсы күрес жүргізу мақсатында одақтың сыртқы шекарасын 30 күнге жабу шешімі мақұлданды, деп хабарлайды Euronews.

Бұл шешім бойынша шенген визаларын беру тоқтатылады. ЕО-ның қазіргі визаларымен турист ретінде немесе қандай да бір мақсатпен кіруге болмайды.

Әлемде коронавирустың таралуын тоқтату үшін, біз Еурокомиссия ұсынысы негізінде сыртқы шекараларымызды бекітіп, ЕО-ға барлық шұғыл сапардан басқасын 30 күндік мерзімге уақытша шектеу туралы шешім қабылдадық, - деді Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель.

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен ішкі шекаралар мен кептелістер бүгінде басты мәселенің бірі екенін айтты.

Оны шешу өте қажет еді. Еуропалық одақ ішінде көп адам қалып қойған, тауар жеткізетін жүк көліктері кептелісте тұр, бірақ тауарлар еркін тасымалдануы тиіс, олар ішкі нарықтың жұмысы үшін қажет, - деп мәлімдеді Урсула фон дер Ляйен.

Сонымен бейнеконференция режимінде өткен саммитте жүк көліктері үшін «жасыл дәліз» құру туралы шешім қабылданды.

Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцинаның күзге қарай дайын болатынына сенім артып отыр. Бұл туралы Урсула фон дер Ляйен мәлім етті. Оның айтуынша, вакцинаны ЕО-ан 80 миллион еуро алатын инновациялық зерттеу компаниясы әзірлейді.



Өзгелердің жаңалығы