Елімізде ет пен нан қымбаттады

14 Қазан 2019, 11:37
3119
Бөлісу:
Елімізде ет пен нан қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азық-түлік тауарларының қымбаттауы инфляцияға айтарлықтай ықпал етуде. Оның көрсеткіші 2017 жылдың басынан бастап ең жоғарғы мәнге жетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев хабарлады. 

«Қаржы нарығындағы ахуал – тұрақты. Инфляция нысаналы дәліз шегінде 4-6% деңгейінде қалыптасады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында жылдық инфляция алдыңғы айдағы 5,5%-дан 5,3%-ға дейін төмендеді. Инфляцияға әжептәуір әсер еткені 2017 жылдың басынан бастап 9,1% деңгейіне жеткен азық-түлік бағасының ұдайы өсуі. Ет бағасы 13,5%-ға, нан өнімдері мен жарма өнімдері - 12,7%-ға қымбаттады. Олардың инфляцияға қосқан үлесі 1 пайыздық шегін құрады», - деп Досаев Үкімет отырсында мәлімдеді. 

Оның сөзіне сүйенсек, тауарлардың бұл санаттары әлемдік бағалар мен экспорт көлемінің өсуі аясында қымбаттаған.

«Инфляцияның тұрақты деңгейін ұстап тұраған азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жыл сайынғы өсуі 5,4% құрады, бұл 2015 жылдың қазан айынан бастап ең төменгі көрсеткіш. Жанармай бағасының жылдық көрсеткіштегі төмендеуі 4,8%-ды, қатты отын 3,5%-ды құрады. Ақылы қызметтердің бағасы бір жыл ішінде 0,7%-ға өсті. Бұл реттелетін қызметтерге тарифтің құны 8,2%-ға төмендеуімен байланысты», - деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы. 

Сонымен қатар, Досаев инфляция деңгейінің мақсатты дәлізден асып кету қаупінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ұлттық Банктің пайыздық дәлізді +/- 1 пайыздық шегінде ұстап тұрғанда базалық ставкасы 9,25 пайызға дейін көтерілгенін еске салып өтті.


Өзгелердің жаңалығы